Хабарламалар

«Қазтеміртранс» АҚ клиенттері үшін ақпарат

2019 жылғы 5 шілдеден бастап локомотив тартымы (бұдан әрі – ЛТ) қызметтеріне баға деңгейінің индекстеуі өзгеруіне қатысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ақпаратына сәйкес вагон операторы қызметтеріне тарифтер 2019 жылғы 5 шілдеден бастап ЛТ қызметтерінің бағасы өзгеру есебімен қайта есептелетіні туралы хабарлаймыз.

Республика ішіндегі қатынаста вагон операторы қызметтеріне жаңартылған тарифтер 2019 жылғы 5 шілдеден бастап ДКР АБЖ-да тасымалды ресімдеу барысында есепке алынатын болады, бұл ретте 2019 жылғы 4 шілденің 21:00-ден бастап ресімделген тасымалдарды 2019 жылғы 5 шілде деп саналсын.

Республика ішіндегі қатынаста оператордың ставкалары бойынша ақпарат алу үшін «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарына хабарласуды сұраймыз.

«Қазтеміртранс» АҚ вагондарының бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту мақсатында астықты және дәнді дақылдарды «шатырымен» жартылай вагондарда тасымалдау кезінде, жеке санат ретінде сол жүкті тасымалдауда тарифтік шарттар қосылғанын қосымша хабарлаймыз.

Экспорттық қатынаста тасымалдау бырысында тарифті есептеуге сұранысты tarif@kaztt.kz электрондық мекенжайға жолдау қажет.

Осылайша, барлық қолданыстағы тарифтер 4 шілдені қоса алғанда жарамды және 4 шілдені қоса алғанда ресімделген вагондарға таратылады. 5 шілдеден бастап ресімделген вагондар бойынша тарифтер жаңартылған тарифтік шарттар негізінде өндірілетін болады.  


Возврат к списку