Хабарламалар

Өткізілетін металл сынықтарын сату туралы хабарлама

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2018 жылғы 14 мамыр сағ 10:00 (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында қара және түсті металл сынықтарымен қалдықтарын сату бойынша сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Металл сынықтарын сату «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешіммен бектітілген (02.03.2017ж. № 02/7 хаттама) «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамында және еншілес мекемелерде металл сынықтарын сатудың Бірыңғай ережелеріне (бұдан әрі - Бірыңғай ереже) және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне (бұдан әрі- Реттеме) сәйкес жүргізіледі.

Электронды саудаға Қоғамның Металл сынықтары көрсетілген мөлшерде және шарттармен шығарылады:

№ лота

Металлолом маркасы

Тұрған орны

Салмағы, тн

Бастапқы бағасы, тенге

Кепілдік жарна, тенге

Шарттар (сатып алушының есебіне)

1

 Бұрын қолданыста болған жартылай вагон шатырлары

Қарағанды облысы, ст. Балқаш – 74 дана.

Қостанай облысы, ст. Кұшмұрұн – 430 дана.

Батыс Қазақстан облысы, ст. Орал – 79 дана.

Түркістан облысы, ст. Арыс – 29 дана.

Ақмола облысы, ст. Ақкөл – 74 дана.

Ақмола облысы, ст. Көкшетау – 1 дана.

 

 

 

1 092,33

44 950 706,10

6 742 605,92

ü     100%  алдын ала төлеу Металл сынықтарын сату туралы шарт жасалынған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде (төленген кепілдік жарна қоса есептегенде);

ü     төлем мерзімі бұзған 10 (он) банктік күннен артық өткізілген жағдайда, келісім шарт бір тараптан кепілдік жарнаны ұстап қалып,  мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін;

ü      келісімшарттың талабында көзделген төлем мерзімін бұзған жағдайда, тауар құнының өткізіп алған әрбір күні үшін төленбеген соманың  5% (бес пайызы) көлемінде өсімпұл төлеу;

ü     келісімшарттың талабында көзделген шығару кестесін бұзған жағдайда, шығарылмаған тауар құнынан кешіктірілген әрбір күні үшін 5% (бес пайызы) көлемінде өсімпұл төлеу;

ü     металл сынықтарын нақты тұрған жерінен келісім шарт жасалған куннен бастап 60 (алпыс) күн ішінде мына станциялардан алып кету (шығару) қажет: Балқаш,  Кұшмұрұн, Орал, Арыс, Көкшетау, келесі Ақкөл станциясынан 30 (отыз) күн ішінде алып кету (шығару) қажет. Егер де Ақкөл станциясынан металл сынықтарын 30 (отыз) күн ішінде алып кетпесе (шығармаса), Сатып алушыға жалға беру сомасы жүктеледі.   

ü     Металл сынықтарының қабылдау-тапсыру Актілерін тараптардың қолы қойылған күннен бастап 5 (бес) күн мерзімінде Сатушыға жеткізілуін қамтамасыз ету;

                     Тауарды тиеу, іріктеу, салмағын өлшеу және тиеу жүргізуге, радиация деңгейін өлшеп қорытынды беру

 

 

 

Саудаға қатысушыларды тіркеу Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында хабарлама шыққан күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтың басталуына 2 сағат қалғанда тоқтатылады.

Кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына төленеді: БИН: 050540004455, БИК: HSBKKZKX, ИИК:KZ946017111000000330, АҚ «Народный банк Казахстана».

Төлемнің мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді).

Банктік кепіл кепілдік жарна үшін қабылданбайды.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (АҚ «АЕО») есеп-шотына кепілдік жарнаның уақытылы түсу үшін кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдауға үш күннен кем емес уақытта төлеу ұсынылады.

Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың жеңімпазына кекпілдік жарна қайтарылмайды.

Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша хаттама электронды конкурстың нәтижесін белгілейтін, жеңімпаздың міндеттерін анықтайтын және сатушының металл сынықтарын сатып алу бағасы бойынша келісім жасайтын құжат болып табылады.

Электронды конкурстың өткізілу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу туралы, Жеңімпазды анықтаулардың шарттары туралы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтындағы Реттемеден және «Қазтеміртранс» АҚ www.kazcargo.kz сайтындағы Бірыңғай ережеден көруге болады.

Металл сынықтарын сатудың үлгі шарттары «Қазтеміртранс» АҚ www.kazcargo.kz сайтында жарияланған.

Сауда-саттықтың жүргізілуі туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе келесіде көрсетілген телефондар арқылы алуға болады + 7 (7172) 552981(АҚ «АЕО») және + 7 (7172) 930-256, 930-266 «Қазтеміртранс»АҚ. 


Возврат к списку