Хабарламалар

Сауда жайлы ескертпе

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы автотранспорт сату туралы Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, сауда 2019 жылдың 02.04. сағат 11:00 (Астана уақыты бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.

Активтерді тарату «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылдың 20.10. № 19 хаттама) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Мүлікті тарату ережелеріне және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2016 жылдың 13 қаңтарындағы № 77 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке (ары қарай - Регламент) сай өтеді.

Төмендегідей активтерге аукцион жарияланады:

1. Ssang Yong Chairman, орналасу орны г.Астана, , шығарылған жылы 2012 , бастапкы бағасы 10 046 508 тенге, Кепілдік жарна, 502 325,4 тенге, ең төменгі баға – 3 000 000 теңге.

Саудаға қатысушыларды тіркеу веб-порталда онда хабарлама жарияланған сәттен бастап сауда басталғанға дейін екі сағат уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330,

«Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

саудаға қатысушының өтініші;

жеке тұлғаларға – нотариалдық куәландырылған құжат жеке куәліктің көшірмесі;

заңды тұлғаларға – нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар орыс тіліне аударылған нотариалдық куәландырылған аполтильденген құрылтай құжаттырын, саудаға қатысушы тіркелгендігін және өз елінің заңнамаларына сай қызметін жүргізіп отырғандығын салық мекемесімен расталған анықтама құжаттарын ұсынады.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпаратармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындаңы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.gosreestr.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және 8 (7172) 930-221, 930-473, 930-303,930-367 («Қазтеміртранс» АҚ)


Возврат к списку