Жаңалықтар

Баспасөз орталығына ауысу

ҚР көліктік стратегиясы
«... Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден еліміздің барлық көлік инфрақұрылымын жеделдете дамытуды талап етеді.

Біз аумақтық дамумен қисынды байланысқан ұзақ мерзімді көлік стратегиясын қабылдауға тиіспіз...»
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының
Президенті


Компания туралы

«Қазтеміртранс» АҚ («Казақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы)– Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ең ірі иесі.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның меншікті вагондар паркі 54 мың бірлікті құрайды: олар жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасығыш вагондар, цемент тасымалдаушылар, фитингті платформалар. Компания қызметі жүк вагондарын жалға беру; жүк вагондарын шығару және оларды жоспарлы түрлі жөндеуін жүргізу; металл сынығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу, іске асыру; вагон операторы қызметтерін көрсету, Қазақстан Республикасы аумағындағы және оның шегінен тысқарыдағы Қоғамға тиесілі вагондардың есебін жүргізу;

Жүк вагондарын жалға беру саласында «Қазтеміртранс» АҚ-ның іскер серіктестері болып ірі көлік компаниялары табылады, олар: астық тасымалдау бойынша «Астық Транс» АҚ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша «Премиум Ойл Транс» ЖШС, цемент тасымалдау бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС және шағын және орта бизнестің басқа да кәсіпорындары.